• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 05:31:57
+35°

20 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Келесі қысқы Азия ойындары қай қалада өтетіні белгілі болды

Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы белгіледі

Фото: caravan.kz

 Олимпия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді, - дейді Туризм және спорт министрлігі мәлімдемесінде.

   Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітіп үлгерді. IX бәсекенің ұраны: "Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат" (Dreams of Winter, Love among Asia).

   Айта кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылмақ. 

    Реті бойынша ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір