• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 22:21:59
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Алматыдағы "Қазақстан" шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылды

2013 жылы шипажай директоры "Қазақстан" шипажайдың барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алған.

Ашық дереккөзден алынды

- 2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Несие беру кезінде банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізбегені анықталды. Осыған қарамастан 2022 жылы сотпен жалпы 3 миллиард теңге қарызды өндірді, - делінген хабарламада.

Алматы прокуратурасының апелляциялық шағымы бойынша, бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, бұл сома 1,8 миллиард теңгеге дейін қысқартылды.

"Өз кезегінде Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыздығы мен жарамсыздығына байланысты оны жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.

12.12.2023 жылы прокурордың талап арызы Алматы қаласы АМЭС-пен қанағаттандырылды".

Осылайша, прокуратураның шараларымен құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік санаторий заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір