• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 23:57:11
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2024 Әлеумет

Мешіттен шыққаннан кейінгі ой

Саясаттанушы Талғат Қалиев шетел мен еліміздегі мешіттерді салыстыра отырып, ортаға үлкен ой тастапты.

Ашық дерекөзден алынды

«Өткенде мешітке бардым, уағыз тыңдадым, айналама зер сала қарадым. Жалпы, маған әлемнің әр түкпіріндегі мешіттерде болу бақыты бұйырыпты: Ыстамбұл, Абу-Даби, Мекке, Иерусалим, Мысыр дейсіз бе, бәрінде. Қай қайсысын алсаңыз үнемі іші толы қыж-қыж қайнаған жұрт, тек жұма күні ғана емес.

Бір қызығы, ондағы адамдардың қозғалысы көшедегі көліктердің қозғалысы секілді бір ретке келтірілген. Яғни, адамдар бір бағытпен қана жүріп, мешітке кіріп-шығады. Көбіне кіре берісте аяқ-киім салуға арналған пакет толы аппарат тұрады, онда да бұл адамның басқа есіктен шығып кетуі үшін ыңғайланып жасалған. Имам да мешіттегі тәртіпті уағыз арасында аракідік еске салып отырады. Расында, адамдардың бір-біріне деген құрметі ұжымдық мінәжаттың маңызды бөлігі емес пе?

Ал біздегі жағдай басқалау

Есіктердің үлкендігіне қарамастан оны айқара аша бермейді. Оның үстіне VIP, яғни айырықша қонақтар деген тағы бар. Намаздан кейін бар адам аяқ-киімдерін шешіп, қойып кеткен сөреге қарай жаппай ұмтылады. Нағыз ығы-жығы сәт сол арада болады.  Одан кейін намаз оқу басталып кетсе де жүріс-тұрыс азаймайды. Кешігіп келгендер орын іздеп әлек болып жатады. Оларға өзгелер көздерін алартып, тіпті ұрсып та береді.

Қазіргі имамдардың уағызын тыңдасаңыз, көбіне бұл емес, арғы дүние туралы көп айтады. Бүгінгі қоғамды мазалайтын сұрақтарды тек жанап өтеді. Үйдегі ұрыс-керіс, есірткі, лудомания туралы мүлде сөз жоқ. Араб елдерінде көптеген ғасыр бұрын бұл тақырыптар өзекті болған шығар. Қазір олар мұны айтпайды, есесіне кез-келген маңызды әрі күрделі өмірлік сұрақтарыңызға оп-оңай жауап беріп отырады.

Міне, біздікілер содан үйренсе ғой дейсің... Ең құрығанда, мешітке кіріп-шығу тәртібін бір жөнге келтіріп алса жақсы болар еді», деп жазыпты ол кісі желіде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір