• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 16:45:09
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2024 Әлеумет

«Бір жейдені кезекпен киіп, емтихан тапсырған». Адамнан айла артылған ба?

2023 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсырғандар арасында 159 адамның нәтижесі жаңа жүйенің арқасында жойылды. Бұл жүйе емтихан тапсырушыны сыртынан бақылауға, қозғалыстарды тіркеуге, бөгде шуды жазуға, сөзді қадағалауға мүмкіндік береді.

Ашық дереккөзден алынды

Емтихан кезінде заң бұзушылықтар, көбінесе Шымкентте (76), Түркістан облысында (58) және Алматыда (28 рет) тіркелді. Емтихан тапсырушылар микроқұлаққап, камералар, қашықтан қол жеткізу құрылғылары мен бейтаныс адамдардың көмегін пайдаланған.

«Мәселен, шымкенттіктер микрокамера тігілген бір жейдені кезекпен киіп емтихан тапсырған. Жол жүру ережелері 3.0 жүйесі қызмет алушылардың киімдеріндегі жыпылықтаған құрылғы шамын танып, Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне ықтимал бұзушылықтар туралы белгі берді. Нәтижесінде бұл азаматтар тестілеуден шеттетіліп, нәтижелері жойылды. Бекітілген ережеге сәйкес, олар енді үш айдан кейін ғана емтихан тапсыра алады», делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының хабарламасында.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір