• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 02:23:02
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2024 Әлеумет

"Айнала жап-жалтыр". Жұмысқа жете алмай, бүгін оралдықтар ашулы

Бүгін Орал қаласының көшелері мұз айдын секілді жап-жалтыр болып жатыр. Таңертең мұны көрген қала ішіне қатынайтын автобус жүргізушілерінің өзі селк етіп, жүрексініп қалған. Ешқайсысы қауіпке бас тіккісі келмеді. Салдарынан көптеген адам діттеген жеріне жете алмай, бір үмітпен аялдамаларды торуылдауда. Есесіне такси бағасы шарықтап шыға келген.

Ашық дереккөзден алынды

«40 минут болды аялдамада тұрғаныма. Автобус жоқ. Неге біздегі коммунальдық қызмет осындай ауа райына дайын болмайды? Масқара ғой, мынау!»,  дейді аялдамадағылардың бірі.

"Біз базаға жиналдық, бірақ автобус рөліне отырудан бас тарттық. Барлығымыз бір-бірімізбен байланыстамыз, сөйлесіп отырмыз. Алдымен жергілікті коммунальдық қызмет біздің және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін, жолдарға құм сепсін, содан кейін жолға шығамыз. Ал қазір тәуекелге бармаймыз. Сондай шешім қабылдадық", деген автобус жүргізушілерінің бірі жергілікті «Мой город» басылымына берген сұқбатында.

Сондай-ақ І ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқу форматына көшкен. Орал қалалық білім бөлімі мұны ауа райының қолайсыздығымен түсіндіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір