• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 07:57:24
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2024 Барлық аймақтар

ҚР МАМ комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Рустам Али Архив, құжаттама комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

GOV.kz

Ол 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған.

2006-2011 жылдары – «Деловая неделя» газетінде тілші, редактор, бас редактордың орынбасары.

2011-2012 жылдары – «Жетісу жастары» жастар орталығы» МКҚК директоры.

2012 жылы – Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры.

2012 жылы – Алматы облысы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі.

2012-2016 жылдары – Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, басшысы.

2016-2020 жылдары Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары – Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2021-2022 жылдары – Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Жетісу облысы әкімінің орынбасары.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір