• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 22:10:45
Алматы
+35°

01 Қараша, 2022 Саясат

Тауық пен жұмыртқа тапшылығы жетпей тұр еді

Қазақстанда құс шаруашылығы құлдырай бастады

Фото ашық дереккөзден алынды

Ресейде құс еті 27 пайыздан астамға күрт қымбаттап, Ресейдің «минсельхозы» тауық еті мен жұмыртқаның экспортына толық тыйым салмақ. Ол аздай, бағаны тұрақтандыру мақсатында бұл өнімдерді Қазақстаннан сатып ала бастады.

Қазақстанның ұлттық статистика бюросы «Ресей Қазақстанның құс еті мен жұмыртқасын түк қалдырмай алып кетуі мүмкін» деген алаңдаушылық білдірді. Соңғы жылдары елімізде 12 құс фабрикасы жұмысын тоқтатқан.

Бюроның дерегінше, Қазақстан құс шаруашылығы жөнінен 33 жыл бұрынғы көрсеткішіне әлі жете алмай келеді. Мәселен, «Қазақстан Тәуелсіздік алған жылы елде 59,9 млн бас құс болған. Содан соң құс шаруашылығы 90-шы жылдардың тоқырауында құлдырап кетті. Содан бері ширек ғасыр өтсе де, құс шаруашылығы дамымай келеді. Сала бір өсіп, бір дамымай, тұйықталып қалды. Былтыр 49,8 млн бас құс, биыл 52,09 млн бас құс өсірілді», – дейді ұлттық бюро хабарламасында.

Құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер жем бағасының қымбаттауына шағымданады. Оның үстіне, бұған дейін құс фабрикаларына әр жұмыртқа үшін бюджеттен беріліп келген қайтарымсыз демеуқаржы жойылған. Үкімет басшысы Әлихан Смайлов құс жұмыртқасына төленетін субсидияны қайтару мүмкін емес екенін мәлім еткен. «Республикалық бюджет мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты қазіргі таңда тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қайта бастау мүмкін емес», деген болатын ол депутаттарға берген жауабында.

Елімізде қазір жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларының азайғанын Қазақстан құс өндірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов те растады:

– Биыл былтырмен салыстырғанда 200 мың жұмыртқаға аз өнім берілді. Ақмола облысында құс фабрикасының құр тұрғанына 3-4 жыл болды. Шығыс Қазақстан облысында қазір бір де бір фабрика жоқ. Ол өңірге тауық еті мен жұмыртқа еліміздің өзге өңірлерінен жеткізіледі, – дейді ол.

Дүкен мен базарларда қазір жұмыртқаның бір данасы 65-75 теңгеден сатылады. Ет қымбаттап тұрған заманда жұрт жұмыртқа мен құс етін талғажау ететін еді. Енді ол да қымбаттап келеді.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі түрімізбен елімізде құс шаруашылығының мәселелері әзірге шешілмейтін секілді. Үміт жоқ. Елімізде небәрі 69 құс фабрикасы тіркелген, оның қаншасы нақты жұмыс істеп тұрғаны белгісіз. Салада құлдырау байқала бастады, былтыр жұмыртқамен қамтамасыз ету 96,3 пайызды  құраса, биылғы ол 93,9 пайызды көрсетті.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір