• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 08:18:44
Алматы
+35°

29 Қазан, 2023 Саясат

Есті адам мемлекеттік марапаттан аулақ жүреді

Коммунистер, жағымпаздар мен басқалар болмаса...

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

"Құрмет" деген даулы орден болды. Мемлекет мереке сайын марапаттай береді, бұл медаль «құр медь» деген құнсыз атақ алды.

Әли Оқапов деген әнші шықты, алған "Құрмет" орденімді қайтарып беруге дайынмын деп.

Бұл – 1993 жылы Назарбаевтың жарлығымен бекітілген орден еді. Экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениет, білімді дамытуға еңбек сіңіргендер, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық жұмыс үшін берілетін.

Билік мемлекеттік марапат тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық береміз деп сендіруге тырысады. Шындығында ордендер басшылықтың ұсынысымен ғана үлестіріледі. Көбіне өңшең жағымпаз, тек билікке қызмет еткендер алады. Билікті сынамайтындар ғана қызметке тағайындалып, солар марапаттала берген соң, орден-медальдың құны қалмады.

– Орденге қатысты соңғы дау-дамай ойландырмай қоймады. Әлиге обал болды. Әрине, мемлекет болғасын марапаттау да болады, бірақ бұл үрдіс бізде жүйесіз, ережесіз, темір-терсек тарату секілді әсер қалдырады.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "Құрмет" ордені маған да тиген. Бір ағайындар кері тапсыр, сен үшін бұл мазақ дегендей әңгіме айтты. Бірақ мен мұны өзім қатысқан азаттық жолындағы күрестің естелігі деп көріп, бас тартпадым. Кезінде марқұм Жасарал ағамыздың оппозицияға кетерде "Парасат" орденінен бас тартам дегені бар. Бірақ орденнен бас тартудың заңды жолы жоқ екен ғой! "Астананың 10 жылдығы", "20 жылдығы" деген тойларда мыңдаған медаль шығарып, оны Ресейден келген талай қонақ уыстап алып кеткен. Бұл жағынан қарағанда, орден-медальдің қадірі қалмады.

Ашығында, жаппай орден-медаль тарату деген советтен қалған дәстүр ғой. Біз соған кәдімгідей күйіп-пісеміз, алғанымыз да, алмағанымыз да. Соған қарағанда, жан-дүниеміз сол дәуірден алыстамаған екен. Мемлекет те әлі сол дәстүрден ұзап кете алмапты, – деп пікір айтқан екен "Құрмет" орденінің иегері Серік Ерғали.

 

Әсем Жұмақан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: құрмет ордені

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір