• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 17:36:15
+35°

27 Қазан, 2023 Әлеумет

Сәбиді 1, 5 миллионға сатқан ақхалаттылар ұсталды

Қаладағы перзентхана қызметкерлері баланы бір жарым миллион теңгеге бағалапты. 59 және 39 жастағы екі медицина қызметкері тірі тауарды саудалап жатқан сәтте ұсталған.

ғаламтор желісінен алынды

Тараз қаласының прокуроры Жамбыл Сматов,:

— Анасы баласынан бас тартатын болған. Медицина қызметкерлері оны пайдаланып, пайда табу және өз ниетін жүзеге асыру мақсатында бір жарым миллионға сатылды деп жатырмыз ғой. Ол жерде әрқайсының қаражаттан өз үлесі бар.

Прокуратура бұл істің нақты қалай әшкере болғанын ашып айтпады. Белгілісі, баланы бауырына басқысы келген 39 жастағы әйел Тараз қаласының тұрғыны. Оның жеке басы жайлы өзге мәлімет жоқ. Осы дерек бойынша медицина қызметкерлерінен бөлек, сәбиді алушы да, туған анасы да, делдал да жауапқа тартылады. Екі акушер 12 жылға дейін жазаға тартылуы мүмкін. Олар тергеу қапасында жатыр. Ал тірі тауарға айналған нәресте балалар үйіне жеткізілді.

 «Үміт» балалар үйінің директоры Гүлайым Мәнібаева:

— Бұл бала кеше полиция қызметкерлерімен түнгі сағат 1:33-те бізге түскен. Шамамен 20 күндік балаға ұқсайды. Салмағы 3 келі 420 гр. Денесі таза, денсаулығы жақсы.

Азанда мен өзім кіріп шықтым, жағдайы жақсы. Бүлдіршінге әлі ат қойылған жоқ. Мұндағылар оны «белгісіз жан» деп атап жүр. Түбі жаңа туған сәби осы жерде қалатын түрі бар. Өйткені оның шешесі ана құқығынан айырылуы мүмкін. Ел арасында тірі тауардың анасы 36 жастағы Жамбыл ауданының тумасы екені айтылуда. Және оның бұдан өзге де балалары бар көрінеді. Ол қамауға алынған жоқ. Қолхатпен үйіне жіберілген,  – дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір