• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 11:21:55
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Әзірбайжан мәжілісінің депутаты, ақын Ганира Пашаева қайтыс болды

Әзірбайжан халқының ақын қызы, Милли мәжіліс депутаты, Парламент Мәдениет комитетінің төрағасы Ганира Пашаева қайтыс болды. Түрксой Жазушылар одағы мен Халықаралық Қазақ поэзиясының академиясы Әзірбайжан еліне көңіл айтты.

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

Пашаева 24 қыркүйекте шығу тегі белгісіз гипотония диагнозымен ауруханаға түскен.

Депутат Бакудегі Орталық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде емделді. Парламентарийдің емделуіне Түркиядан да медицина мамандары тартылған.

Пашаева 1975 жылы 24 наурызда Товуз қаласында дүниеге келген, екі жоғары білімі бар.

Ғанира Пашаева кәсіби мансабын 1998 жылы теледидардан бастап, ұзақ уақыт еліміздің жетекші медиа құрылымдарында жұмыс істеген.

2005 жылы Гейдар Әлиев қорының баспасөз қызметін басқарды. Сол жылы ол алғаш рет Әзірбайжан Милли Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Пашаева парламенттің үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарының депутаты болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір