• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 00:12:28
Алматы
+35°

20 Қыркүйек, 2023 Әлеумет

Саяжайда тұрып жатыр талай қазақ...

Алматы маңындағы "дачаларда" тұрмысы тұралап қалған, бюджеттен бір тиын көмек көрмейтін жарты миллион адам тұрады.

Фото: domler.kz

"Алматы облысының аудандарын аралап, мыңдаған тұрғынмен кездесу өткізіп, саяжай алаптарында тұратын елдің қалай күнелтіп отырғанын көріп шошыдым", деді депутаттық сауалында депутат Мақсат Толықбай.

Оның сөзінше, Қонаев қаласы, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Іле ауданында қазір 674 саяжай бар.

Ондағы тұрғындар саны ең кемінде 500 жүз мыңға жақындаған!

Бұл деректің өзін де нақты айту қиын. Себебі, азаматтар тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеле алмаған соң, жәрдемақы мен мемлекеттік көмек алу үшін Алматы қаласына тіркелуге мәжбүр.

– Халық қысы-жазы тұрғынжай етіп отырған жүздеген саяжайда мектеп, балабақша, қоғамдық көлік қатынасы, медициналық жәрдем көрсету, асфальт, пошта, байланыс пунктері әлеуметтік қызмет инфрақұрылымы, әлеуметтік нысандар атымен жоқ. Электр қуатына дейін жекенің қолында. Екі есе тарифпен төлеуге мәжбүр. Балалар бірнеше шақырым жердегі мектепке балшықпен барып, итке талануда. Олардың сұрайтыны – «ауыл» статусы. Өйткені, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын қалалық және ауылдық аумақтарды дамытуға ғана бөле алады. Бұл түйткілді мәселені үкіметтің деңгейінде күн тәртібіне шығармасақ, бұның арты үлкен әлеуметтік шиеленіске алып келуі мүмкін. Үкімет жедел әрекет етіп, саяжай мәселесін шешуге арналған нақты, ауқымды бағдарлама әзірлеуі керек, – деді ол.

  • Шынында, да соңғы жылдары Алматы маңында ауыл көбейіп, саяжай атаулының бәрінде халық көптеп қоныстанып жатыр.
  • Олардың жағдайы күрделі, халықтың шыдамы шегіне жетіп барады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір