• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 00:47:03
Алматы
+35°

1945 жылы сәуірдің 11 күні, Бухенвальд лагеріне АҚШ әскері жақын қалған кезде, "ажал лагеріндегі" тұтқындар көтеріліс ұйымдастырып, Бухенвальд концлагерін бақылауға алды. Себебі бір күн бұрын басшылық тарапынан барлық тұтқынды өлтіру туралы бұйрық берілген болатын. Осы оқиғаға байланысты кейін 11 сәуір  халықаралық фашистік концлагерь тұтқындарын азат ету күні болып белгіленген.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 14 000 фашистік концлагерьге 20 миллион адам барды. Мұнда бостандыққа қол жеткізе алмаған 11 миллионнан астам адам көз жұмды. Бұлардың арасында ең қорқыныштысы – Освенцим концлагері.

освенцим

Освенцимдегі 1,6 миллион адам қаза тапқан ажал қақпасында "Еңбек бостандыққа жеткізеді" деген жазу жазылған.

крематорий

Концлагерьде әр 20 мың адамға 16 дәретхана мен 2 жуынатын орыннан беріп, жуынуына 40 секунд уақыт бөлген. Азапқа шыдамай қаза тапқан тұтқындарды крематорийде өртеген. Бір пешке екі ересек адамды сыйғызып, отын босқа жанбау үшін әйелдер мен балаларды тезек ретінде қалаған.  

барак

Тұтқындар ұйықтайтын үш ярустық барактың әр ярусында 6-8 адамнан жатқан. Бұл туралы "азап лагерьінен" аман шыққан әйгілі психотерапевт Виктор Франкл "Баракта орын жетуі үшін қырымыздан ұйықтайтынбыз. Тұтқындар таңертең қасында жатқан адамның өліп қалғанын көргенде еш таңғалмастан оның үстіндегі тәуір киімдеріне таласатын. Ал түнде тышқандар барактағы адамдардың дене мүшелерін жеп кететін"– деп жазады.

тырнақ

Фашисттер еңбекке жарамай қалған тұтқындарды өндірілуі ең арзан Циклон Б газымен өлтірген. Тұтқындар 20 минут бойы аузы-мұрнынан қан кетіп, азапталып өлген. Жоғарыдағы суретте өлім алдындағы тұтқындардың қабырғаны тырналағаннан қалған іздері. 

аяқкиім

Кеңес әскерлері фашисттер күткеннен екі күн ерте келіп қойып, жойылмай қалған айғақтар арасында 110 мың жұп аяқ киім, 40 келі көзілдірік, мыңдаған балдақ пен неке жүзіктері табылған. 

жүзік

Фашисттер концлагерьге түскен әйелдердің шашын тақырлап алып тастап, жиналған әйел шаштарынан немістің сүңгуір қайықтарына арнап матрас тіккен. Соғыс аяқталғанда фашисттер жойып үлгермеген айғақтар арасында 40 мың тонна әйел шашы да бар. 

 луцт

 

 

Айым Нұрсапа

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір