• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:22:14
Алматы
+35°

06 Маусым, 2017 Фото-баян

7 жасында 3 келі болған баланың таңғажайып оқиғасы

Присцилла Морс есімді әйел Facebook әлеуметтік желісін ақтарып отырып, иек сүйегі ғана қалған, әбден тозығы жеткен 7 жастағы баланың суретін көріп қалады....

Присцилла Морс есімді әйел Facebook әлеуметтік желісін ақтарып отырып, иек сүйегі ғана қалған, әбден тозығы жеткен 7 жастағы баланың суретін көріп қалады. Суретті көре сала еш ойланбастан ол балақайды асырап алу үшін жарты әлемді кезіп жеткен екен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Болгария еліне қажетті құжаттарды рәсімдеуге келген кезінде Райан есімді балақай бар-жоғы 3 келі ғана салмақта болып, өмірі қыл үстінде тұрған.

Теннесиде өзінің жаңа отбасына келген бала бір жылда сөйлеуді үйренген және біршама салмақ қосқан екен. Қазіргі кезде оның жағдайы әлдеқайда жақсы, бір жыл бұрынғы ашаршылықты ұмытқан., мүлдем басқа бала секілді өзгерген.

Присцилланың айтуынша, ол Райан жайында 2014 жылы естіген, кейіннен Facebook парақшасын ақтарып отырып асырап алуға қатысты балақайдың жеке парақшасын көзі шалған.

Сол уақытта өзінің Дэвид есімді жұбайымен бірге ол балақайды асырап алуға нақты шешім қабылдапты. Бұл жұптың Райаннан бөлек екі туған балалары бар: бірі 13 жаста, ал екіншісі 7 жаста. Сонымен қатар 2012 жылы асырап алған МакКензи есімді 7 жастағы қыздары бар. Ол қыз да ерекше күтімді қажет ететін сырқат бала, дәрігерлер ол қызға жүректегі ақау мен Дауна деген диагноз қойған.

«Райанды ең алғаш көрген кезімде расымен де қорқып кеттім. Тезірек асырап алуға асықтым. Мен құжаттарды рәсімдеп боламын дегенше өліп кетеді ме деп қатты қорықтым», - деп еске алады Присцилла.

Ашаршылық нәубетін басынан кешкен балақайдың денсаулығы да тым нашар еді: сколиоз, косолапие, ДЦП, микроцефалия дерттеріне шалдыққан.

Болгариядан келген бойда Райанды дереу ауруханаға жатқызған. «Осы уақытқа дейін дәрігерлердің кішкентай бүлдіршінге қарап жылағандарын көрмеппін. Олар маған Райанды кез келген уақытта өліп қалуы мүмкін екендігін қайта-қайта ескерте берді», - дейді Присцилла.

Ауруханада бір жарым айт жатқаннан кейін балақай оңала бастаған. Суреттерден оның қаншалықты тәуір болғандығын көруге болады. Қазіргі таңда Райан шамамен 10,5 келі салмақ тартады және де өздігінен қозғалып, сөйлесе бастады.

Дәрігерлердің айтуынша, бала толық жазылып кетуі үшін кемінде бір жылдан астам уақыт керек. 

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір