• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:26:29
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2018 NEWS

7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

 Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында кей жерлерінде қар, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Республиканың басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерінде тұман күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 18-23 м/с күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, Шығыс Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20 м/с  күтіледі. Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір