• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:28:13
Алматы
+35°

24 Қазан, 2018 Экономика

"7-20-25": қазақстандықтар 44,5 миллиард теңгеге өтініш берген

24 қазандағы жағдайға сәйкес, 7-20-25 бағдарламасы бойынша қарыз алушылардың ешқайсысы төлемді кешіктірмеген.

«7-20-25» бағдарламасы аясында пәтерге айына 100 мың теңге төлейтін адамдардың саны өскен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап хабарлады.

Баспана мамандарының пікірінше, қарыз алушылардың 60 пайызы пәтерге айына 100 мың теңгеден төлейді. Ал қарыз алушылардың 6 пайызы ең жоғарғы сомадағы қаржыны төлейді. Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларының тұрғындары пәтерді несиеге 20 миллион теңгеге, өзге қалаларда 12 миллион теңгеге алған. Қарыз алушылардың көбі, жалпы көрсеткіштің 37 пайызы 10 миллионнан 15 миллионға дейінгі аралықта несие алған.

«Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағытын айқындай алды. Алайда мынаны ұмытпауымыз керек: 7-20-25 – ең алдымен жылдамдық, қайтарым, уақытылы төлем принциптеріне негізделген ипотека. Ол кез-келген қазақстандық жұмыскер үшін қолжетімді, тек банк-серіктестеріне өзінің төлем мүмкіндігін дәлелдесе, нақтыласа болғаны», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

24 қазандағы жағдайға сәйкес, 7-20-25 бағдарламасы бойынша қарыз алушылардың ешқайсысы төлемді кешіктірмеген. Жалпы қазақстандықтар 44,5 миллиард теңгеге өтініш берген. Оның 30 миллиард теңгесі, яғни 2513 өтініш банктер тарапынан мақұлданған.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасына қатысатын серіктес банктерді атап шыққан. Олар: Банк Центркредит, Еуразия банкі, АТФ банк, RBK банкі, Цесна банк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Халық банкі. Ал жыл соңына дейін Сбербанк пен Forte bank қосылды.

Бағдарлама бойынша жылына 7 пайыз үстемемен 25 жылға беріледі. Алғашқы жарна – 20пайыз.

Жаңа ипотекалық қарызды Қазақстан Республикасының кез келген азаматы ала алады. Тек басында жылжымайтын мүлкі болмауы шарт. Бағдарлама бойынша Қазақстанның кез келген өңірінен Алматы, Астана, Атырау қалаларынан ең максималды 25 миллион теңгеге, қалған өңірлерде 15 миллион теңгеден баспана сатып алуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір