• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:04:59
Алматы
+35°

31 Шілде, 2018 Экономика

"7-20-25" бойынша қанша қазақстандық баспаналы болады?

2018 жылдың 4 шілдесінен бастап Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.

Қазақстанның Ұлттық банкі әр он күн сайын "7-20-25" бағдарламасы бойынша есеп береді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қазақстанның Ұлттық банкі "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы айдың қорытындысын жасады.

30 шілдедегі ахуал бойынша 749 қазақстандық 8,6 миллиард теңгеден астам сомаға несие алуға өтініш берген. Қазір 4,8 миллиард теңге сомаға 422 несие ресімделді.

Ұлттық банк әр 10 күн сайын бағдарлама барысы жайында есеп беріп отырады. Соған сәйкес, алғашқы 10 күнде 70 несие, келесі 10 күнде 242 несие, соңғы 10 күнде 110 несие берілгенін көре аламыз. 

2018 жылдың 4 шілдесінен бастап Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның шарты атауында көрсетілген: 7% — пайыздық үстеме, 20% — бастапқы жарна, 25 – несиені өтеу мерзімі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір