• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 13:17:38
Алматы
+35°

Алматы қаласында парламенті мәжілісінің депутаттары қоғам белсенділерімен кездесу өткізді, деп хабарлады "Қамшы" сайты.

Жиынға мәжіліс депутаттары Ирина Смирнова, Анатолий Бойчин және Ғазиз Құлахметов қатысып, тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер клубымен, басқа да БАҚ өкілдерімен дөңгелек үстелде түрлі тақырыптағы мәселелер талқыланды. Онда этносаралық журналистиканың даму мәселелері, заманауи патриоттық сезімді тарату жолдары қаралды.

– Ақпараттың бүгінгі қоғамдағы маңызды рөлін, ондағы журналистердің атқарар рөлін ескерсек, оларғы жүктелген жүктің ауыр екені сөзсіз. Қоғамда өзіндік көзқарасы бар, білімі бар, шығармашылығын шарықтата білген журналистер аз емес. Сонау 2000-жылдарда ақпараттық кеңістікте қазақ тіліне сұраныстың аздығы сезілгенімен, өмірдің көшімен, лебімен қазақ тіліне деген сұраныс ұдая артып отыр. Әлі де осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет, – деді Ғазиз Құлахметов.

Сонымен қатар кездесу барысында белсенділер өздерін толғандырған мәселелерге қатысты пікірлерін білдіріп, депутаттарға сұрақтар қойды.

Фото: qamshy.kz

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір