• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:23:23
Алматы
+35°

02 Наурыз, 2017 Әлеумет

669 баланың өмірін сақтап қалған ер адам ерлігі жөнінде ешкімге тіс жармаған

Адам өмірін сақтап қалған қайырымды жандар туралы сағаттап айтуға болады. Солардың бірі  Николас Уинт

Адам өмірін сақтап қалған қайырымды жандар туралы сағаттап айтуға болады. Солардың бірі  Николас Уинтон. Оның ескерткіші Англия мен Прагада қойылды. Ол Британдық империя Орденінің мүшесі болды. 2008 жылы Нобель сыйлығына да ұсынылған.

Алайда нағыз танымалдылыққа әйелі оның ескі жазба кітапшасын тапқаннан кейін ие болған. Егер әйелі болмағанда оның ерлігі жөнінде ешкім білмес еді.

Барлығы 1938 жылы басталған. Ол кезде жас Николас  Прагаға барған еді. Мюнхендік келісім бойынша Судеттер Германияға көшіп жатқан кезі.

Босқындар сол кездегі Чехославакияны  басып қалды. Осындай күндері Уинтон бір қауіпті сезгендей кеңсесін дәл қонақ үйде ашып, еврей балаларын құтқаруды қолға алды.

Николас Британия мен Чехославакиядан көптеген балаларды шығара алды. Уинтон алдын-ала әр балаға отбасын іздеп, ал кепілдікке ақшаны өз қалтасынан төледі.

Филантроп ұйымдастырған 7 поезды 669 баланы өлімнен құтқарып қалды. Одан кейін соғыс басталды. Жылдар өтіп жатты. Ал Николастың қайырымды ісі турасында ешкім білмеді. 49 жыл өткеннен кейін әйелі кездейсоқ оның ескі жазба кітапшасын тауып алды.

BBC арнасының ток-шоуға шақыртуын естігенде Уинтон таң қалып қалды. Ал жүргізуші бағдарламаны оның қайырымды ісі туралы айтқанда оның таң қалысында шек болмады. Алайда тосын сыйлар мұнымен бітпеді.

Жүргізуші 50 жыл бұрын өмірін сақтап қалған балаларды орнынан тұруын сұрап, залда Уинтон құтқарып қалған балалар жиналды.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір