• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 15:56:45
Алматы
+35°

Фото: Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайты

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті Қарасай ауданы Қырғауылды ауылынан жоғары орналасқан "Горный садовод" бау-бақша қоғамында су құбырының жарылуы салдарынан балшық қоспасы көшкенін туралы хабарлама келіп түсті.

Жүргізілген зерделеу нәтижелері барысында диаметрі 50 мм су құбырынан су ағуы салдарынан топырақ ылғалданып, көшкін пайда болғаны анықталған.

Оқиға салдарынан 6 саяжай үйі қираған, олардың 3-і қараусыз қалған, тағы бір саяжай жартылай зардап шеккен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Шамамен балшық массасының көлемі 50 мың текше метр, ұзындығы 200 метр, одан әрі түсу шамамен 310 м, алдын ала жалпы ұзындығы 510 м, түсу орнынан ені 50 метр және соңына таман 7 м, биіктігі 1-ден 7 метрге дейін жетті.

Қазіргі уақытта аумақты тазарту жұмыстары жүргізілуде. Зардаптарды жою жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, ҚР ТЖМ №28237 әскери бөлімі, ҚР ТЖМ АШҚЖ, "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласы Апаттар медицина орталығы, Алматы облысы полиция департаменті және жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмылдырылды" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: көшкін

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір