• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 15:17:45
Алматы
+35°

Израильдегі еврей-палестин қақтығысы өрши түсіп, Тель-Авив қаласы маңындағы Лод қаласында төтенше жағдай жарияланды, деп жазады BBC.

БҰҰ Газа секторындағы палестиналық содырлар мен Израиль әскери күштері арасындағы қақтығыс салдарынан өлім-жітімнің көбейгеніне алаңдаушылық білдіріп, жанжалдың "жаппай соғысқа" ұласып кетуінен қауіптенеді.

Қақтығыс Израиль полициясы мен Иерусалимдегі палестиналық демонстранттар арасындағы бірнеше аптаға созылған шиеленістен туындаған. Демонстранттардың алаңға шығуына бірнеше араб отбасы Иерусалимнен көшірілуі мүмкін деген ақпарат себеп болған. Палестина еврейлер мен мұсылмандар үшін де қасиетті жер.

Израиль билігінің мәліметінше, Палестина содырлары 38 сағат ішінде, негізінен Тель-Авивке 1000-нан астам зымыран атқан. Сейсенбіде Израиль тарапынан жауап ретінде әуе соққысы жасалып, нәтижесінде Газада екі көп пәтерлі үй қираған. ХАМАС ұйымы (Газаны басқаратын содырлардың тобы) жаудың тұрғын үй мұнараларына шабуылдағанына ашуланғанын мәлімдеген.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдегі зорлық-зомбылыққа алаңдаушылық білдіріп, екі тарапты тыныштықты қалпына келтіруге күш салуға шақырды.

Израиль денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбіден бастап Газа секторында кем дегенде 43 палестиналық, оның ішінде 13 бала қаза тапқанын хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс Израильдің өзін қорғауға құқығы бар екенін, бірақ Палестина халқының да қауіпсіздікке құқығы барын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір