• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 09:02:51
Алматы
+35°

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин зымыран тасығыштардың апаты салдарынан болған экологиялық залалды өтеудің нақты тетігін әзірлеу қажет деп санайды.

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Ресей арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан солтүстік бағытта полярлы орбитаға ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Союз-2" типті зымыран-тасығыштарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын талқылау барысында депутаттар экологияны қорғау және "Союз-2" типті зымыран-тасығыштардың штаттан тыс құлауы немесе авариясы салдарынан материалдық залалды өтеу мәселесін көтерді

Отырыс барысында мәжіліс  төрағасы зиян келтірілгені қандай құжат арқылы анықталатыны жөнінде мәселе көтерді.

Сыртқы істер вице-министрі Марат Сыздықов түсіндіргендей, жеке келісім бар, оған сәйкес Ресей тарапы залалды төлеуге кепілдік алады, бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл рәсім ұзақ жылдарға созылады.

Осыған байланысты Нұрлан Нығматулин экологиялық залалды өтеу тетігі тиісті құжаттарда бекітілуі тиіс деп есептейді.

– Біз серіктестерімізбен материалдық залалды өтеу туралы нақты келісуіміз керек. Бізде кепілдік бар. Бірақ бұл кепілдіктер жұмыс істеуі үшін не қажет? Бұл бірлескен құжат біздің серіктестерімізбен пысықталуы тиіс, – деді Нұрлан Нығматулин заң жобасын әзірлеушілерге.

Өз кезегінде заң жобасын әзірлеушілер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәселе жақын арада пысықталып, нәтижелері депутаттарға ұсынылатын болады деп сендірді.

Мәжілістің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір