• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 16:09:29
Алматы
+35°

Қазақстан Ұлттық Банкі құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталарын шығарады, деп хабарлады nationalbank.kz сайты.  

Монеталардың сатылымға шығатын күні алдағы уақытта хабарланбақ.

1 000 теңгелік номинал 1000 дана таралыммен дайындалған. Жалпы массасы 62,2 грамм.  925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, "proof" дайындау сапасымен әзірленген. Диаметрі 50 мм, массасы 16 грамм.

Монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ еліміздің барлық банкінде, банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбастап алуға міндетті.

Монеталар кәдесый орамында шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын тілдерінде Қазақстан Ұлттық Банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір