• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 21:57:34
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады.

Министр Тоқаевқа министрліктің 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары, цифрландырудың даму перспективалары, сондай-ақ, интернет байланысына, соның ішінде, президенттің халыққа Жолдауындағы ауылдық жерлерде қол жетімділікті арттыруға бағытталған тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді.  

Бағдат Мусин байланыс сапасының талаптары бекітілгені жөнінде баяндап, енді 3G/4G желілері үшін сапаның төменгі шегі анықталды. Бұған дейін байланыс сапасының төменгі шегі регламенттелмеген болатын.

Сонымен қатар радиотолқындарды аукцион форматында анықтау жөніндегі заңнамаға енгізілетін өзгерістер әзірленді. Бұл 5G желісіне көшуде маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ енгізілетін өзгерістерге сәйкес байланыс сапасының параметрлерін бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі 1000 айлық есептік көрсеткіш болмақ.

Министр eGov mobile мобильді қосымшасына биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу жайында айтты. Бұл халықтың мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне тіркеліп, қызмет алу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған қосымша арқылы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын тездетуді тапсырды.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір