• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 11:32:52
Алматы
+35°

Қазақстандық белгілі кәсіпкер және "Eurasian Resources Group" компаниясының ірі акционері Алиджан Ибрагимов 67 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ERG-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Олигархтың жақындары оның ұзақ уақыт бойы комада жатқанын растады. Өлімнің алдын ала себебі – коронавирус инфекциясы.

Ол 1953 жылы 5 маусымда Өзбекстанда дүниеге келген. 1974 жылы Мәскеу ветеринарлық академиясын "өнеркәсіптік тауарлар өндірісі мен саудасын ұйымдастыру экономикасы" мамандығы бойынша тәмамдады.

Forbes.kz хабарлағандай, Алиджан Ибрагимов Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бестігіне кіреді. 2020 жылдың желтоқсан айында оның байлығы 900 млн доллар деп бағаланған. 

Сонымен қатар ол бірқатар жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының экономисі және басшысы болып жұмыс істеген. "Невада-Семей" АҚ бас директоры, басқарма төрағасы, кейін президенті болды.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір