• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 13:57:14
Алматы
+35°

22 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар

Алматы қонақ үйіндегі қыздың өлімі: Британия азаматына сот үкім шығарды

Қонақ үйдің камерасына 23 жастағы Мадина қызы Софияны көтеріп бара жатқаны түсіп қалған.

Фото: The Sun

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Британия азаматы Мохаммед Баракатты 20 жылға соттады. Ол Алматыдағы InterContinental қонақ үйінде 1 жасар баланы өлтірді деп айыпталды, деп хабарлады The Sun.

Қонақ үйдің камерасына 23 жастағы Мадина қызы Софияны көтеріп бара жатқаны түсіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, Софияның денесі көгерген. Әрі демалмаған. Софияның анасы қонақ үй әкімшілігінен көмек сұраған. Қызметкерлер жедел жәрдем шақырды. Алайда баланы аман алып қалу мүмкіндік болмады.

Мадина қызымен

InterContinental қызметкерлері Мадина қыздың өліміне 41 жастағы күйеуі Мохаммад Баракатты айыптағанын айтады. Мадина "Ол менің қызымды өлтірді. Ол оны ұрды" деп бірнеше рет айқайлаған.  

Мадина Мохаммед

Мохаммед Баракат кінәсін мойындамады. Айтуынша, ол қояншық ауруымен ауырады. Қызы София Мохаммад ауру ұстағанда қайтыс болған. Ол ештеңе есінде жоқ екенін айтады.

Мохаммед Баракат Малайзияның AirAsia әуе компаниясында ұшқыш ретінде жұмыс істеген. Оның мұндай диагнозбен қалай жұмыс істегені түсініксіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір