• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:53:56
Алматы
+35°

12 Шілде, 2017 NEWS

62 жастағы ер адам айықпас дертке шалдыққан 80 баланы асырап алған

62 жастағы Мұхаммед Бзик атты Калифорния тұрғыны айықпас дертке шалдыққан және туыстары тастап кеткен балаларды асырап алады. 20 жылдың ішінде ол 80 шақты...

62 жастағы Мұхаммед Бзик атты Калифорния тұрғыны айықпас дертке шалдыққан және туыстары тастап кеткен балаларды асырап алады. 20 жылдың ішінде ол 80 шақты баланы өз қанатының астына алып өсірген. Оның 6 жастағы өгей қызы көзі көрмей және құлағы естімей туған, сонымен қатар миы да дамымай қалған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Мұхаммед екі жыл бұрын қайтыс болып кеткен әйелінің бастаған ісін өмірінің соңына дейін жалғастыруға уәде еткен. Ол айықпас дертке шалдығып, тағдыр тәлкегіне түскен балаларға қамқорлық жасап, олардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасайды, өзінің бар махаббатын төгеді.

Мұхаммедтің баласының өзі «кристалды адам» дертіне шалдыққан. Ал Мұхаммедтің өзі өткен жылы ота жасатып, қатерлі ісіктен арылған екен. Ол ота жасатар алдында дәл осы балалар секілді бойын қорқыныш жайлағанын айтады. «Аурухана төсегінде жатқан кезімде ол балаларға расымен де қолдау мен қамқорлық керек екендігін түсіндім», - дейді ол.

Мұхаммед 20 жылдың ішінде 80-нен астам балаларды асырап алған, алайда 10 баласы қаза тауыпты. Көптеген балаларды асырап алған кезінде олардың есімі де болмаған  және олар ата-ана мейірімі дегенді білмеген.

«Балалар өздерін керексіз сезінбеулері қажет. Өмірдің мәні – өзіңнен әлсіздерге көмектесуде», - дейді Мұхаммед. 

Шолушы: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір