• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 10:08:08
Алматы
+35°

1 желтоқсан күні таңертең Алматы қаласы Назарбаев даңғылы бойында әлдекімдер "Адам атына – 47,3 млрд теңге", #cancelelbasy және #qazaqkoktemi хештегі жазылған баннер іліп қойған. Бұл туралы instagram әлеуметтік желісінде rukh2k19 парақшасы хабарлады.

#Cancelelbasy хештегін ағылшын тілінен қазақшаға аударғанда, "Елбасының күші жойылсын" деген мағынаны білдіреді.

Даңғыл бойында ілінген баннер авторларының кім екені белгісіз. Алайда олар rukh2k19 парақшасына жасырын түрде жазба жолдаған. 

"Біз 2019 жылғы 23 наурызда Қазақстан үкіметі халықтың пікірімен санаспай, ел астанасы мен орталық көшелерінің атауын қалай өзгерткенін ұмытпадық. Түрлі деректер бойынша, 47,3 млрд теңгеден астам қаражат Назарбаевтың есімін мәңгі есте қалдыруға жұмсалды. Бүгін ол және оның шәкірттері бұл күнді мереке ретінде атап өтіп жатыр. Ал оны мойындамайтын азаматтар Назарбаевтың жеке басына табынуды қалай тоқтату керегін ойлауда" деп жазған баннер авторлары.

Белгісіз авторлар әрбір қазақстандықтың мемлекет істерін басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы керек деп санайды.

"Қазақстан Республикасының конституциясында "биліктің бірден-бір бастауы халық болып табылады" делінген. Біз әрбір қазақстандықтың мемлекет істерін басқаруға қатысу мүмкіндігі болуға тиіс деп санаймыз. Біздің таңдауымыз бен сөз бостандығымыз сақталуы керек.

Сондай-ақ біз ортақ үйімізде заң алдында бәрі бірдей екенін мәлімдейміз. Сондықтан "Ұлт Көшбасшысы туралы" заңның күші жойылуға тиіс" деп жазады белгісіз авторлар.

Еске салсақ, 2017 жылдың 30 қараша күні Алматыда Фурманов көшесіне Назарбаев аты берілді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ⚡️RUKH (@rukh2k19)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір