• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 15:31:54
Алматы
+35°

23 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Қытайда 14 мың адамды әуежайдан шығармай отыр (видео)

Сингхуа агенттігінің хабарлауынша, Пудун әуежайында инспектор болып қызмет атқаратын ер адам мен оның әйелі коронавируспен ауыратыны анықталғаннан кейін аталмыш инфекцияны жұқтырғандар саны күрт өскен.

Фото: www.voanews.com

Қытайдың Шанхай Пудун әуежайы қызметкерінің бірі коронавируспен ауыратыны анықталғаннан кейін әуежайда шу шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап. 

Шанхай Пудун әуежайының барлық қызметкері мен 14 мың жолаушы тест тапсырады.  

Әуежай қызметкерлері мен жолаушылар әуежайдан шыға алмай отыр. Әуежай есіктері жабылды. Әуе рейстері тоқтатылды. Адамдар әуежайдан шыға алмағаннан кейін әуежайда нағыз хаос басталды. Жолаушылар қашуға тырысқанымен қызметкерлер оларды қайта әуежайға әкеліп жатты.

Шанхайда жұма күні 39 жастағы ер адам мен оның 34 жастағы әйелі коронавируспен ауыратыны анықталған.

Ұлттық денсаулық сақтау комитеті сенбіде 17 адам ауруға шалдыққанын және бұл көрсеткіш жұмамен салыстырғанда көп екенін айтты.  

Сингхуа агенттігінің хабарлауынша, Пудун әуежайында инспектор болып қызмет атқаратын ер адам мен оның әйелі коронавируспен ауыратыны анықталғаннан кейін аталмыш инфекцияны жұқтырғандар саны күрт өскен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір