• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Мамыр, 11:53:51
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында құқыққорғаушы Айгүл Орынбек атқарушы биліктің жұмысы туралы айтты.

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіздің тәжірибеңізден жергілікті әкімдер үлгі алуы керек деп ойлаймын. Өкінішке қарай, біздің оңтүстікте халықтың үнін тыңдайтын, жергілікті жұрттың проблемаларын жақсы білетін қоғам белсенділерінің пікірі ескерілмейді. Сенсеңіз, атқарушы орган сол айтылған проблемаларды жоюдың орнына, керісінше мәселе көтеріп, халыққа жанашырлық танытқандарға қысым көрсетеді. Өзіңмен алысып, актуалды мәселе жайына қалады. Мен білген мәселені атқарушы билік өкілдері білмеуі мүмкін емес. Маған айтқан мәселенің оларға айтылмауы да мүмкін емес. Ендігі жерде көзбояушылықты доғару керек деп ойлаймын немесе қызметтік құрылымдарды, ондағы басшылық құрамды қайта жасақтау қажет, – деді құқық қорғаушы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір