• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:41:01
Алматы
+35°

11 Қыркүйек, 2018 Экономика

60 мың айлықпен қалай пәтер алуға болады?

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Атауы - "Баспана Хит".

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы бүгін «Баспана» Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлімдеді, деп жазады.

Бағдарламаның атауы – «Баспана Хит».

Бұдан бұрын «7-20-25» бағдарламасы бойынша бірінші тұрғын үй нарығындағы жаңа баспананы алуға болатын. Ал Алтынбековтің мәлімдеуінше, ендігі екінші тұрғын үй нарығындағы баспананы несиелеуге бағытталған арнайы өнім әзірленді. Әрі мамандар қазақстандықтардың табысына қатысты сараптама жүргізіп, 60 мың теңге айлық алатын әр отбасы «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуына мүмкіндік туатын жағдай жасады.

«Екі адамнан тұратын отбасы құны 10 миллион теңге болатын пәтер сатып алу үшін бастапқы жарна ретінде 2 миллион ақша төлеу керек. Оларға бұл жағдайда 8 миллион теңге несие беріледі. Сонда ай сайынғы төлем 56 мың теңге болады. Сондықтан да екі адамнан тұратын отбасы мүшелерінің табысы 120 мың теңге болуы тиіс. Әрқайсысы орташа есеппен 60 мың теңге жалақы алса, онда олар пәтер алуы мүмкін», - деді Алтынбеков.

Бұған қоса, Алтынбеков жаңа бағдарламаның шарттарымен де таныстырды. Оның айтуынша, бастапқы жарна баспана бағасының 20 пайызынан басталады. Пайыздық мөлшерлемесі - Ұлттық банктің базалық ставкасы + 1,75 пайызды құрайды. Қазіргі таңда Ұлттық банктің базалық ставкасы - 9 пайыз. Сəйкесінше, аталған бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі 10,75 пайызды құрайтын болады. Несие мерзімі - 15 жылға дейін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір