• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:35:19
Алматы
+35°

06 Наурыз, 2018 Әлеумет

6 наурызда елдің басым бөлігінде жел тұрып, жауын жауады

Қазақстанның оңтүстігінде дабылды ескерту жарияланды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 6 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қазақстанның оңтүстігінде дабылды ескерту жарияланды:  6 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыс желі соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с асады.

Тараз қаласында оңтүстік-батыс, батыс желінің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады деп күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, ал таулы аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-батыс, батыс желі соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, таулы аймақтарда 30 м/с жетеді. 

5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстары бойынша кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Осыған байланысты, мұз еріп, таулы өзендерде су деңгейі көтеріліп, жайылмаға шығуы мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 23-28 метр, күндіз кей жерлерінде 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта болатыны болжанады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ күтіледі. 

 Қарағанды облысында 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 25 м/с жетеді. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

 Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, күндіз басым бөлігінде желдің күші 23-28 м/с жетеді. 

Қостанай, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с артады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде - жаяу бұрқасынмен. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-23 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ бұрқасын болжанады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір