• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 09:09:33
Алматы
+35°

Ресейдің Самара облысында Қазақстанмен шекарада шетелдіктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Бұл туралы Комсомольская Правда хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Ресейдің Самара облысында Қазақстанмен шекарада Ұлттық гвардия сарбаздары мен отанына орала алмай жүрген мигранттар арасында қақтығыс болған.

Шекара пандемияға байланысты жабық болған.

"Ресей-Қазақстан шекарасында мигранттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында болған қақтығыс видеосы желіде тарады. Ол Росгвардия қызметкерлерінің көмегінсіз тез арада тоқтатылды" делінген хабарламада.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазіргі уақытта жағдай тұрақталғанын мәлімдеді. Қазір Өзбекстан азаматтары шекаралардың ашылып, үйлеріне жіберілуін күтуде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір