• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 01:59:42
Алматы
+35°

Алматыда медикаменттер мен жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) өндіру бойынша фармацевтикалық кластер құрылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

​Бұған дейін хабарланғандай, халықты дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі бірқатар қосымша шараларды қабылдады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты.

​Қалада дәріханалар мен ауруханаларды дәрілердің қажетті қорымен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты Алматыда бюджеті 5 млрд тг болатын қалалық тұрақтандыру қоры құрылды. Қордың басты қызметі препараттарды жеткізу тоқтап қалған жағдайда шұғыл түрде әрекет етуге арналған қажетті резерв құру болып табылады.

Қосымша, Алатау «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында фармацевтикалық өндіріс реттелуде.

«Қалада медикаменттер мен жеке қорғаныс құралдарын отандық өндірушілердің өндіруі бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жыл соңына дейін, фармацевтикалық кластерді құру жоспарлануда. Осының бәрі импортқа тәуелді болмау үшін жасалуда», — деді Сапарбек Тұяқбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір