• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 04:06:47
Алматы
+35°

Қазақстанның қаржы министрлігі 2023 жылға дейінгі бюджетті оңтайландыру мақсатында барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға автомобиль, арнайы көліктер мен қызметтік көліктер, сондай-ақ кеңсе жиһаздарын сатып алуға 3 жылға мораторий енгізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Оңтайландырудан үнемделген 532,8 млрд теңге пандемияның жағымсыз салдарын болдырмауға азаматтар мен бизнесті қолдауға бағытталмақ.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің қайта қаралуына байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын анықтау кезінде 2021-2023 жылдарға арналған жаңа бастамалардың лимиттері бекітіліп, 6,4 трлн теңге оңтайландырылды.

Сондай-ақ қаржы министрлігі капиталды елден шығаруды және салық төлеуден жалтаруды болдырмау үшін қаржылық мониторингті күшейту, трансферттік баға белгілеуді бақылау бойынша шаралар қабылдауда. 

Министрлік бюджет қаражатын тиімсіз жіне негізсіз пайдалану қаупін анықтау үшін төтенше жағдай кезінде арнайы рәсімдер бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бақылайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір