• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 05:14:28
Алматы
+35°

Медицина қызметкерлері күніне орай «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы таңғы 09:00-ден тікелей эфирде «Абзал жандар» телемарафонын өткізіп жатыр.

Телемарафонның мақсаты – ұлт саулығы мен әр адамның өмірі үшін күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің ерен еңбегі мен ерлігін дәріптеу.

Қосылымдарда медицина саласының ардагерлері мен дәл қазір демалыссыз, үй бетін көрмей, қызмет етіп жүрген дәрігерлермен сұхбат жүргізіліп, ел медицинасының динамикалық даму жолы талқыланады.

«Qazaqstan» Ұлттық арнасының тілшілері еліміздің барлық өңірінен тікелей байланысқа шығып, аймақтардағы медициналық нысандардың тыныс-тіршілігін көрсетеді.

Медицина саласының мэтрлері студияда және Skype-байланыс арқылы кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантация бағыттарындағы соңғы жаңалықтарды баяндайды. Көрермен төтенше жағдай кезеңінде салынған ауруханалар мен ондағы науқастардың хал-ахуалын біле алады.

Бұған дейін хабарланғанымыздай, көпшіліктің әлеуметтік желілер мен электронды пошта, Whatsapp арқылы жолдаған ерекше оқиғалары тікелей эфирде баяндалып, хат иелері атап көрсеткен дәрігерлеге құрмет көрсетіледі.

Эфир барысында 8 (7172) 75 71 71 нөміріне хабарласып, абзал жандарға алғыс білдіріп, төл мерекесімен құттықтауға әрбір адамның мүмкіндігі бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір