• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 19:28:08
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов симптомы жоқ короновирус жұқтырды. Бұл туралы ол өз Facebook парақшасында жазба қалдырған болатын.

"Маған да оқшаулануға тура келді. Инфекцияны жұқтырып алмауға қанша тырыссам да одан пайда болмады. Менен симптомы жоқ коронавирус инфекциясы анықталды. Енді тезірек сауығып, ортаға оралу үшін дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындаймын. Мен азаматтардан қауіпсіздік шараларын ұстануды: маска киюді, антисептикті қолдануды, қолды үнемі сабындап жуып, гигиена ережелерін сақтауды сұраймын. Барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін!", - делінген жазбада.

Бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев және шенеуніктер арасынан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус жұқтырған еді. 

Ал мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, премьер-министр Асқар Мамин, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов,  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оқшауланып жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір