14 Маусым, 2020 NEWS
vksport.kz
Қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы, "Әлем Барысы" жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігі хабарлады.
Белгілі спортшы Семей көлік колледжінің директоры қызметін атқарады.
"Бүгін Семейде аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне коронавируспен Семей колледждерінің екі директоры келіп түсті. Олар: Электротехникалық колледж директоры – Азат Сәрпеков және Семей көлік колледжінің директоры, қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы – Айбек Нұғымаров", делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір