• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 23:09:08
+35°

Америкадағы нәсілшілдікке қарсы наразылық білдірушілер Вирджиния штатындағы Христофор Колумбтың мүсінін құлатып, кейінірек оны өртеп, көлге тастаған. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сейсенбі түнде наразылық білдірушілер мүсінді алып тастау үшін бірнеше арқанды қолданған. Басылымның мәліметінше, мүсінге бүріккішпен «Колумб геноцидті бейнелейді» деген жазу жазылған. Шерушілер Бостон қаласының Атлант көшесіндегі Колумбтың тағы бір мүсінінің басын алып тастаған. 

Колумб Америка құрлығын тапқаны үшін АҚШ-та оған бірнеше жерде мүсін орнатылған. Алайда соңғы кездерде XV ғасырда Кариб аралдары мен Америка материгінде болған өлтіру, ұрлау және тонау деректеріндегі Христофор Колумбтың рөлі туралы пікірталастар жиі қозғалуда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Колумб мүсін

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір