• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 20:59:39
Алматы
+35°

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "барахолка" жабылады" деген ақпаратқа пікір білдірді.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен WhatsApp-та "барахолканың" сатушылары базар жабылатыны туралы ескерту алғаны жөнінде ақпарат тараған.

Алматы базарларының жабылатыны туралы ақпарат жалған. Десе де жұмысына рұқсат етілген барлық кәсіпкерлік нысандарға санитарлық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған карантиндік талап күшейтіледі. Ведомство басшысының айтуынша, қазір карантин шараларын жеңілдету және бірқатар нысандарды ашуға рұқсат беру арқасында Алматыда 800 мың жұмыс орны қайта жанданған.

– Бұл бағытта санитарлық-эпидемиологиялық қызметі белсенді жұмыс жүргізуде. Егер карантин талаптары бұзылғаны анықталса, иә, ондайда кейбір нысандар жабылуы мүмкін, сондай-ақ ауру жұқтырған адамдар анықталған жағдайда, – деді Еркебұлан Оразалин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір