• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 01:36:01
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Жасыл экономика басқармасының басшысы лауазымына Наталья Ливинская тағайындалды.

Наталья Ливинскаяның екі жоғары білімі бар, халықаралық қатынастар магистрі.

Еңбек жолын жеке компанияда жоба менеджері болып бастаған. Сонымен қатар, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университетіі» АҚ өңіртану кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген.

Мемлекеттік құрылымда 2013 жылдан бастап жұмыс жасауда. «Алматы қаласын дамыту Орталығы» АҚ урбанистика Орталығының басшысы, ал 2019 жылы Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болды. Бүгінгі күнге дейін қала әкімінің урбанистика жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір