• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 05:50:39
Алматы
+35°

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімов "Қазпошта" ұлттық компаниясын инвесторға беруді ұсынды.

Есімов сөзінше, компанияның қаржылық жағдайы инвестициялық қорларды қоса алғанда 28 миллиард теңгені құрайды.

Желінің шалғай аудандарындағы шығыны 8 млрд теңгеге тең. Жыл сайын республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге көлемінде субсидия алады. Сондықтан консультанттар тікелей алаулы сатуды ұсынып отыр.

– Инвесторлар тарапынан қызығушылық бар. Жұмыс оңай болмайды. Десе де ұсыныс мақұлданып жатса, оны сәтті жүзеге асыра аламыз, – деді Есімов Елбасы төрағалығымен өткен қорды басқару жөніндегі кеңесте.

Нұрсұлтан Назарбаев қор төрағасының пікірімен келісті.

– Қазпошта жұмысының ерекшелігін ескеріп, компанияны стратегиялық инвесторға тікелей атаулы сату арқылы берудің тиімді болатыны анық. Бұл ретте мәселені үкіметпен бірлесе зерделеп, тыңғылықты қарау қажет, –  деді Н.Назарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір