• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 19:56:36
Алматы
+35°

24 Наурыз, 2020 NEWS

Коронавирус: 200-ден астам қазақстандық Польшадан оралды 

Коронавирус пандемиясы туындатқан жаһандағы жайсыз жағдайға байланысты отандастарымызды Қазақстанға қайтару ісі жалғасын табуда. Аталған бағытта қабылданып жатқан шаралар аясында тағы 200-ден астам қазақстандық Польшадан үйлеріне оралды.

Фото: ашық дерекөздерден

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды. 

Ресми мәлімет бойынша, аталған шара аясында Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілген.

«Бүгін, коронавирус пандемиясы аясында әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандастарымызды Қазақстанға қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында, Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілді», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметінде.

Осылайша, бірнеше күн бойы елге ұшуды сарыла күткен 207 қазақстандық елге оралған.

«Дипломаттарымыздың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті билік пен қазақстандық әуекомпания өкілдерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде ұшуын бірнеше күн бойы күтіп отырған 207 жолаушы Қазақстанға сәтті оралды. Жолаушылардың басым бөлігі Еуропада оқитын қазақстандық студенттер. Күндіз-түні еңбек етіп, денсаулығына төніп тұрған қатерге қарамастан отандастарын рухани төзімділіктің үлгісімен сергіткені үшін біздің Варшавадағы әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз», делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір