• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 03:00:18
Алматы
+35°

27 Ақпан, 2020 NEWS

Балық басынан: ауыл кәсіпкерлеріне бөлінген қомақты қаражат депозитке салынып келген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ҚазАгро» ҰК еншілес ұйымына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Оған себеп, аталған ұйым басшылығы заңсыз сыйақы алу үшін Хоум Кредит банкіндегі депозитке ауыл кәсіпкерлерін жеңілдікпен несиелендіруге бағытталған 11 млрд теңгені салған.

Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша IV республикалық кәсіпкерлер форумында айтылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев тексеру жұмыстары басталғанын жеткізді.

«Бүгінгі күні Агенттік «ҚазАгро» ҰК еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясына қатысты тергеу жүргізуде. Оның басшылығы заңсыз сыйақы алу үшін Хоум Кредит банкіндегі депозитке ауыл кәсіпкерлерін жеңілдікпен несиелендіруге бағытталған 11 млрд теңгені салған. Бұл бір банк бойынша ғана жағдай. Тексеру жұмыстары енді ғана басталғанын айтқым келеді», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

Осылайша, ауыл кәсіпкерлеріне бөлінген 11 млрд теңгенің теріс мақсатта пайдаланылғаны анықталып отыр. Әрі бұл жалғыз-ақ Банк бойынша анықталған жағдай дейді Алик Шпекбаев. 

Оқи отырыңыз: Шпекбаев тағы да «күресетін» жерге тағайындалды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір