• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 09:14:49
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2020 NEWS

Коронавирус: Қытай қолданыстағы ақшаның бір бөлігін жоймақшы

Қытайда коронавирус себебінен енді қомақты ақша жойылуы мүмкін. Яғни, жұқпалы дерт кең таралған аурухана, автобус, базар сынды қоғамдық орындардан жиналған ақшаны бір жола қолданыстан шығаруы мүмкін.

Фото: russian.rt.com

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Business Insider сайты дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

Қысқа мәліметте коммерциялық банктерге коронавирус жұқтырған аймақтардан алынған ақшаның қатаң қадағалатыны айтылған. Нақтырақ айтқанда, жекелеген банктерге "қауіпті" ақшаны орталық банкке өткізу тапсырылып отыр.

Алайда, әзірге жойылатын ақша мөлшері туралы нақты ақпарат еш жерде жарияланбаған.

Бір анығы,  мұндай қадағалауға алынған ақша толық жойылмайды. Оның қандай да бір бөлігі залалсыздандырылып, екі аптадан кейін айналымға қайта шығарылмақ.

Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі Қытай қазақтарының үйлеріне де жетті

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір