• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 17:16:29
Алматы
+35°

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен месcенджерлерде "Қазандық" немесе "Қара касса" ойынына шақырған хабарламалардың таралуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы мәлімдеме жасады.

"Ойынның мәні белгілі бір ақша сомасын енгізу және басқа адамдарды өзімен бірге әкелу. Демек, ақша тұрақты түрде жаңа қатысушыларды тарту есебінен ғана түседі. Қатысушы қаражат жинап, жаңа адамдарды тартады. Сәйкесінше пирамида өсіп береді. Жоғары тұрғандар шынымен табыс табатын шығар. Ал пирамиданың төменгі жағы ештеңе алмайды. Олар тек пирамиданың жоғары сатысында тұрғандарға өз ақшасын сеніп тапсырды. Осылайша, осы схеманы ұйымдастырушылардың іс-әрекетінде "қаржылық пирамиданың" белгілері – табыс алудың алаяқтық схемасы көрінеді" делінген хабарламада.

Прокуратура хабарламасында ойынның пирамида екенін әшкеретейтін бірнеше дерек келтірілген.

"Біріншіден, жоғары табыс, жылдам баю, жылдам пайда алу уәделері нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары. Екіншіден, ұйымдастырушыларда арнайы лицензиялардың болмауы, ал қаржы нарығындағы қызмет көрсетушілерде міндетті түрде мемлекеттік лицензия болуы тиіс. Үшіншіден, нақты инвестициялық қызмет болмағанына қарамастан агрессивті жарнама.

Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы заңсыз табыс табу бойынша қызмет жасаушылар мен басшыларына қатысты ҚК-нің 217-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Прокуратура органдары елорда тұрғындарына заң тұрғысынан күмәнді жолмен табыс табудан бас тартуды ұсынады" деп хабарланды прокуратура мәлімдемесінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір