• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 05:26:56
Алматы
+35°

10 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

google.com

 

АҚШ президенті Дональд Трамп елде жұрттың назарын аударарлық әрекеттер әлі де жалғасып жатқанын айтты.

–Бұл масқара... Мұндай жағдай басқа президенттердің басынан өтпесін», –деп мәлімдеді Ақ үй қожайыны.

Оқиғаға оралар болсақ, үстіміздегі жылдың мамыр айының бері АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы Трампқа қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дональд Трамтың өзі де  тергеу қорытындысын асыға күтіп отырғанын жеткізді. Ақ үй қожайыны ФБР қазіргі  АҚШ билігін орнынан кетіріп, дәйексіз деректер арқылы мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғанын да жасырмады.

Ақ үй қожайыны ФБР-дің тергеу жұмыстары жақын уақытта аяқталатынын айтты. Ал бұл қандай тергеу, Трамптың қандай кінәсі бар?

Әңгіме Дональд Трамп штабының сайлауға дейінгі және одан кейінгі әрекеттері туралы екен. Трамптың сайлауалды штабының жұмысы қаншалықты заңды? АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы осы мәселені тереңірек әрі жан-жақты зерттеп жатыр. Тіпті «Трамптың Ресей ұлттық қауіпсіздік қызметімен байланысы болды» деген дерек те әлі жоққа шығарылмай отыр.

Ал Дональд Трамп болса, президенттік сайлау жақындап келе жатқан сәтте мұның бәрі қолдан жасалынып отыр деп санайды. Біршама уақыт бұрын осыған байланысты Федералдық тергеу бюросының бірқатар қызметкерлері ұсталған.  

Әрине, мұндай әрекеттер Трамп президент болғалы орын алып келе жатыр. Бірақ оның ешқайсысы дәлелденген жоқ. Негізі президенттік сайлау жақындаған сайын Трампты тұқырту әрекеті жалғасуда. Бірақ оның ақыры қалай аяқталатыны белгісіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір