• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 16:50:00
Алматы
+35°

Қазақстан бокс федерациясының президенті болып кәсіпкер Кеңес Рақышев сайланды. Мұндай шешім бүгін, 9 қазанда өткен федерацияның жылдық конференциясында қабылданған. Конференцияға қатысқан федерация өкілдернің барлығы Рақышевтың кандидатурасын қолдап дауыс берген.

2009 жылдан бері бокс федерациясын Қазақстанды 30 жылға жуық үздісіз билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, кәсіпкер Тимур Құлыбаев басқарды. Қазақстан бокс федерациясы ресми сайтының жазуынша, Құлыбаев "мүдделер қақтығысын болдырмау үшін" өз қызметінен кету туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ, Құлыбаев Су спорты түрлері  федерациясының президенті қызметінен де кеткен. 

Құлыбаевтың орынына келген Рақышев  1979 жылы Алматыда туған. Ол  - Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасын басқарған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Хамит Рақышевтың ұлы, Қазақстанның жоғары билігінде лауазымды қызметтер атқарған Иманғали Тасмағанбетовтың күйеу баласы. Рақышев бірнеше жыл Forbes журналының рейтингі бойынша елдегі ең бай кәсіпкерлердің қатарында болды. Ол 2018 жылдың желтоқсанында бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір