• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:58:19
Алматы
+35°

19 Қыркүйек, 2018 NEWS

52 өзбекстандықтың өмірін қиған қайғылы жайтқа кім кінәлі екені белгілі болды

Ақтөбе облысында Өзбекстанның 52 азаматы тірідей жанып кеткен автобустағы өртке жолаушылар кінәлі көрінеді.

Ақтөбе облысында Өзбекстанның 52 азаматы тірідей жанып кеткен автобустағы өртке жолаушылар кінәлі көрінеді. Бүгін сотта кінәсін мойындамаған жүргізушісі осылай деп мәлімдеді. Ол аман қалған Ахраб есімді куәгердің кесірінен оттың тұтанғанын айтады. Беттестіру үшін соны сотқа шақыруды сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасы дерегін негізге алып. 

Түркістан облысынан бейнебайланысқа шыққан жәбірленушілер сотталушы Мақсат Пернебековті сұрақтың астына алды. Өйткені көлікке жауапты жүргізуші – осы. Оның айтуынша, автобус қақаған қыста жанармайы қатып Ырғыз ауданында тұрып қалады. Құтқарушыларға хабарласпастан өзі ұйқыға кетеді. Тек көлік жанып жатқанда ғана бір-ақ оянған. Ал оған дейін өзбек жолаушылар өзара төбелескен екен. Ресейге жол бастап бара жатқан Ахраб есімді бригадирлеріне жабылыпты. Ол болса автобустағы жанармай толы бөтелкені теуіп қалған. Мұны тірі қалған екі куәгердің бірі айтып беріпті. Сол қос куәгер осы уақытқа дейін жөнді тергелмеген. Тіпті сотқа жауап алуға шақырта алмай отыр. Олардың куәлік етуін сотталушылар да, жәбірленушілер де талап еткен еді.

Мақсат Пернебеков, сотталушы:

- Өрт деп айқайлады. Тұрсам, от шығып тұр. Жарақат алған күйі қашып шықтым. 19-ы күні кешке есімді жинап сұраған кезімде тірі қалған өзбек азаматы баклажканы Ахраб теуіп жіберді деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір