• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 05:07:43
Алматы
+35°

09 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Әлемнің ең жас гроссмейстері Алматыда

Қала күні қарсаңында 13 жасар Жавохир Синдаров оңтүстік астанада болды

Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Shatranj» шахмат клубының шақыруымен келген әлемнің ең жас гроссмейстерінің Алматы сапарына мақсаты – шахмат ойынын насихаттау, тәжірибе алмасу. 13 жастағы Жавохир Синдаровтың жанында жаттықтырушысы Бобур Саттаров бар.

Әлемнің ең жас гроссмейстері Алматыда демалыс күндері бір мезгілдік шахмат ойынын өткізді. Бірінші ойын бірден 30 шахмат тақтасында өтсе, екінші ойын «шеберлік сабағы» түрінде Алматының жас, мықты шахматшыларымен өтті. chess

Жавохир Синдаров – шахматтан бүгінгі таңдағы Өзбекстан Республикасының чемпионаты, ең жас халықаралық гроссмейстер (эло – 2507), жасөспірімдер арасындағы бірқатар титулдардың иегері 2018 жылы біріккен Орталық Азия командасы шахматтан Бүкіләлемдік жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы болған еді. Осы шахмат олимпиадасында құрама сапында 12 жастағы Жавохир Синдаров болған. Бүгінгі таңда Жавохир Синдаров Азиядағы ең жас халықаралық гроссмейстер. chess

Алматыда жас гроссмейстер бірнеше шахмат партиясынан соң журналистер сауалдарына жауап берді.

– Менің Алматыға келуімді тәжірибе алмасу десе болады. Бұл менің Қазақстанның оңтүстік астанасына екінші рет келуім, осыдан төрт жыл бұрын Алматыға бірінші рет келген болатынмын. Мен 13 жасымда ерлер арасындағы ең жас әлем чемпионы атандым. Болашақта ересектер арасында әлем чемпионы атанып, әлемнің ең мықты 10 шахматшысы қатарынан көрінгім келеді. chess

Осы Қазақстан сапарымда жас шахматшылармен семинар, шеберлік сабақтарын өткізіп, балалардың ата-аналарымен кездесіп, жетістікке жету негіздері бойынша кеңес бердім, – деді Жавохир.

Әлемнің ең жас гроссмейстері өзінің жетістіктері жайында, шахматтан 4 жасынан бастап ойнағанын, жаттықтырушыларына, әсіресе атасы Комил Синдаровқа шексіз риза екенін айтты. chess

Алматының шахматшылар қауымдастығы да жас гроссмейстер Жавохир Синдаровтың оңтүстік астанаға келуіне үлкен ризашылық білдіріп жатты.

–  Біз әлемнің ең жас гроссмейстерінің біздің қалаға келуіне қуаныштымыз. Алматылық шахматшылар Жавохир Синдаровпен танысу, онымен шахмат партияларын ойнап, кеңес алу мүмкіншілігіне ие болды. Біздің жас та талапты шахматшы балаларымыз гроссмейтердің шеберлік сабағынан өтіп, әлем чемпионымен шахмат ойнады. Бұл тәжірибенің берері мол, – дейді халықаралық төреші Сергей Ким. chess

Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалы мақаласында айтылғандай, бүгінде жеке адамдар ғана емес, бүтін ұлт қазіргі заманда бәсекелестікке қабілетті болып қана мақсатқа жете алады. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған осынау кездесудің де Қазақстанда шахмат спортының дамуына, бәсекелестікке қабілетті болып, халықаралық, әлемдік деңгейде болуына әсері мол. chess

– Бұл кездесудің біздің шахмат мектебінің, жалпы Алматының жас шахматшыларына берері мол. Көптеген шахмат турнирлері мен чемпионаттарға қатысты біздің балғын шахматшылар гроссмейтер, әлем чемпионымен кездесіп, өздеріне керек тәжірибе алып, шеберліктерін шыңдады. Әлем чемпионы Жавохир Синдаровтың өткізген шеберлік сабақтары Алматы шахматының дамуына қосылған үлес дер едім, – дейді «Shatranj» шахмат мектебінің ұстазы Бақыт Теміров. chess

«Рухани жаңғыру» – ел халқының рухани дүниесін түгендеп, руханият көшінен қалып қоймай, мәдениет, спорт, тарих әдебиет, т.б. салада өркениетті елдер қатарында болуды мақсат тұтқан мемлекеттік бағдарлама Қазақстанның мәдени, спорт орталығы Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жан-жақты жүзеге асуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір