• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 20:36:48
Алматы
+35°

20 Тамыз, 2019 NEWS

ІІМ жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқты қайтаруды ұсынды

Министрлік таратқан ақпаратта ала таяқты қайтару жол қозғалысын реттеу үшін қажет екені айтылған.  

ҚР Ішкі істер министрлігі жол-потрульдік полиция қызметкерлеріне ала таяқты (жезл) пайдалануды ұсынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұндай ақпаратты ІІМ таратты.

Министрлік таратқан ақпаратта ала таяқты қайтару тек жол қозғалысын реттеу үшін қажет екені айтылған.  

"Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне байланысты және жол қозғалысын реттеуші полицейдің әрекеттерін жақсарту, әсіресе қараңғы және түнгі уақыттарда, сондай-ақ жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің ала таяқты (жезл) пайдалану тәжірибесіне қайта оралуды ұсынады", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

2017 жылдан бері Қазақстанда жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлеріне  ала таяқты пайдалануға заңмен тиым салынған. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір